Меню KDT

Новости

Билялов Биржан Алтынбекович

Билялов Биржан Алтынбекович – біліктілігі  жоғары деңгейлі бірінші санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі.

 

Оқу орынының атауы: СҚО ҚР БҒМ Акжар ауданының әкімшілігі «Қарашілік орта мектебі» КММ.

 

Туған жылы мен күні: 30.01.1982 жыл        Ұлты : қазақ         Білімі: жоғары

 

 

-педагогтың кәсіби жетістіктері туралы мәліметтер:

- педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі:

           Қатысушы:

- Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы дене тәрбиесі,спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік ортылығында дене шынықтырудан  облыстық  «Үздік дене шынықтыру мұғалімі», Сертификат, 2016 ж.;

           

           Ғылыми-әдістемелік материалдардың басылымы:

- Интернет-жоба «Копилка уроков -сайт для учителей»,тақырыбы «Төменгі сөре-жеңіл атлетика», Куәлік №153539, 2015 ж.;

- интернет-журнал «Инфоурок» әдістемелік құралы  «AKZHARLEADER.KZ» сайтнда дене шынықтырудан тақырыптары: «Тоғызқұмалақ ойынының ерекшеліктері» , «Бір орыннан ұзындыққа секіру», «Допты төменнен қабылдау»,  Куәлік. №00016, 2017 ж.

-әдістемелік құрал «Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» 2018ж.   басылымда,Астан қаласының білім орталығы.

   

-  педагогиқалық қызметтің нәтижелері:

        Жүлдегер:

- дене шынықтырудан облыстық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі»  байқауынан  «Әрбір жұмыс тәжірибесіне-тиімді тәжірибе» номинациясынан, СҚО білім басқармасының Грамотасы 2016ж.;

 

Жеңімпаздарды дайындауы:

-футболдан облыстық жарыста 2 орын,2014ж;

-2001-2002ж.ж. ұлдар арасында волейболдан облыстық жарыста жалпыкомандалық 1 орын,2014ж ;

-жеңілатлетикадан облыстық жарыста жалпыкомандалық 3 орын,2014ж  ;

-қазақ күресінен облыстық жарыста 1,3 орындар,2016ж;

 -ұлттық ойындардан облыстық жарыста жалпыкомандалық 2 орын,2016ж  ;

 -еркін күресінен  облыстық жарыста  3 орын,2017ж;

- қазақ күресінен облыстық жарыста 1 орындар,2017ж;

-2000-2001 ж.ж. ұлдар  арасында волейболдан облыстық жарыста 2 орын,2017ж.

 

- педагогикалық қызметкерді  марапаттау туралы мәлімет:

«Құрмет грамотасы » СҚО ББДТСАӘД ,2013ж.; АББ мадақтамасы 2016 ж.;Аудан әкімінің мадақтамасы 2016 ж.;

 

 
































 



















































        Бастауыш сынып оқушыларына арналған

  салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері

       Жас өспірімді салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық зерттеулерге, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламалардан алынған мәліметтерге жасалған талдау қорытындысы:

1.Жас өспірімнің салауатты өмір салтына негізделген жеке іс-әрекет стратегиясының қалыптасуына бағытталған  салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік берді.

2.Халықтың педагогикалық құралдарын пайдалану арқылы жас өспірімді  салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктері мен міндеттерін көрсету;оптимальді психологиялық, педагогикалық жағдайын жасау және жас өспірімге “салауатты өмір сүру салты” түсінігін сезіндіру; оларға өзін тәрбиелеуге көмек көрсету; жас өспірімдердің өз өміріне, денсаулығына жауапкершілігін арттыруға және қалыптастыруға болады. Негізгі және байланыстырушы  элемент болып табылатын салауатты өмір сүру салты бойынша  сауаттылық және түсінік жас өспірімдердің салауатты өмір сүру тәрбиесінің  қалыптасуының құрылымдық моделін жасауға; осы құрылымдық модель негізінде сыныптан тыс жұмыстар үрдісіндегі жүргізілген эксперименттік жұмыстарға дейінгі және кейінгі салауатты өмір салты тәрбиесі деңгейін анықтауға болады.

3.Сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде салауатты өмір салты тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық жағдайын көрсету, мысалы, жас өспірімдердің дамуының жасына қарай ерекшеліктері, аймақтық, этникалық, демографиялық және табиғи ерекшеліктері әлеуметтік – психологиялық және жеке іс-әрекеттік жағдайлар жас өспірімнің денсаулығын сақтауына бағытталған мақсатты іс-әрекетін анықтауға септігін тигізеді.

4.Жас өспірімді салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмысының құрылымдық моделін  көрсетілген жағдайлар негізінде құруға мүмкіндік береді.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық моделін жасау кезінде  педагогикалық ұжым мен басшылардың кәсіби дайындықтары ескеріледі.эксперимент нәтижесіне талдау жас өспірімдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың педагогикалық жағдайын және тұжырымдауға мүмкіндік туғызады.

Жас өспірімдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша мектеп мұғалімдерімен жүргізілген жұмыс барысыда төмендегі қағидалар басшылыққа алынды:

1.Ізгілікке бағытталған тәрбие үрдісі мұғалімнің курстық дайындығының мазмұнын айқындайды.

2.Инновациялық жұмыстардың көп нұсқалығы сыныптан тыс жұмыс бағыттарының мазмұнын толықтырады.

3.Сыныптан тыс жұмысты жүргізуде мұғалімнің дайындық жүйелілігі балалар дамуы (физиологиялық, психикалық) туралы ғылыми білімге ие болуын қарастырады.

 

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір – денсаулық кепілі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: салауатты өмір салты жайлы оқушылырдың ой-пікірін қозғау, өміргк деген көзқарасын қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығы және дене қозғалысы жаттығуларын үнемі жасауға, денсаулықты күтіп отыруға бейімдеу, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тірек-сызба, сұрақ-жауап, көрнекілеу,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, үлестірмелі қима қағаздар.

                              Сабақтың барысы:

  1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу; түгелдеу; оқушылар назарын сабаққа аудару.

I.Үй тапсырмасын сұрау.

  • үйге берілген тапсырманы сұраймын. (“Венн диаграмма” әдісі арқылы талдатамын).

II.Жаңа сабақ.

    Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: “Салауатты өмір – денсаулық кепілі” оқушыларға “Салауатты өмір салты” деген сөзге ассоциация құрғызамын

Оқушыларға жаңа тақырыпты  сурет бойынша түсіндіремін.

  • Ауыз қуысы біздің денсаулығымызды сақтайтын жеріміздің бірі. Тісті біз таза ұстауымыз керек. Яғни, тісті күнде екі рет жуу қажет.
  • Тамақты өз уақытында, үш мезгіл ішуіміз керек. Сол кезде денсаулығымыз мықты болады. Тамақ ішер алдында қолымызды жууымыз керек. Тамақ адамға күш-қуат, жігер, ынта, ниет беріп тұрады.
  • Суға апта сайын түсу бізге пайдалы. Бойымызды таза, ұқыпты ұстау дене мүшеміздің дамуына көп көмегін тигізеді.
  • Ұйқыны уақытында ұйықтап, таза бөлмеде дем алуымыз қажет.
  • Партаға дұрыс отыру омыртқа жотамыздың жақсы дамуына көмегін тигізеді.

III. Пысықтау:

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты мақсаты дені сау болу, білімді, денсаулығы зор ұрпақ өсіру, жан-жақты білім арқылы денсаулықты сақтауға үйрету. Кез келген әрбір адам физикалық, рухани, әлеуметтік тұрғыдан  денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын ұсынуы тиіс. Жат әдеттен аулақ болып,  уақытты босқа өткізбей, денсаулыққа пайдалы іспен айналысу, мысалы, таза табиғатқа серуенге шығу, жүгіру, суға шомылу жене тағы басқаларды ескерген жөн.

“Ең басты дәрі-дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен бата” деген қағиданы кім қалай түсінеді? Пікірлеріңді тыңдайық.

Ал, балалар, сендер жас кездеріңнен салауатты өмір салтының талаптарын өз бойларында қалыптастырып, әдетке айналдырсаңдар, дәрігерге аз барасыңдар, өмірдегі мақсаттарыңа еш кедергісіз  жетесіңдер, білім алуға уақыттарың көп болады.

  1. Қызығушылығын ояту. “Кім тапқыр” ойыны.
  2. Дөп-дөңгелек қос шыны,

     Бұзылмайды достығы.

     Өмір бойы екеуі,

     Қол ұстасып өтеді.                        (Көзілдірік)

  1. Асқар тауда, қалың орман,

Кейде оны шөптей орам.              (Шаш)

  1. Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады.                     (Сүт)

  1. Көрінбейді көзіңе,

Тіл қатпайды өзіңе.

Жығады ол күн сайын,

Балуандардың өзін де.                 (Ұйқы)

  1. Оң жағымда бес сарбаз

Сол жағымда бес сарбаз.             (Он саусақ)

  1. Сергіту сәті.

Тұрады алшақ аяғым,

Кері еді көкірек.

Еркін тыныс аламын

Санаймын:

-Бір! Екі! – деп.

Дене шынықтыру жаттығуларын көрсету.

Ән:

Солдат болам мен ертең

Тасытқан соң күшімді,

Шынығуды бітіріп,

Тазалаймын тісімді,

Жуынамын күтініп.

 Оқушыламен бірге отырып жаттығу жасап, сөзжұмбақ шештіремін.

  1. “Денсаулық” сөзіне мақал-мәтел айту.

Д – Дәрі шөптен, ақыл көптен

Е – Емнің алды еңбек

Н – Негізгі байлық денсаулық

С – саулық байлық негізі

А – Ас адамның арқауы

У – У ішсең өлерсің

Л – Ластың досы шыбын

Ы – Ыдысы тазаның ырысы таза

Қ – Қотыр қолдан жұғады

VII.Шығармашылық жұмыс. Балалардан дені сау адам қандай болу керек екенін сұрап, толықтыру. Дені сау адам ол қандай адам?

Дені сау адам:

  • шыныққан
  • еңбекқор
  • білімді
  • көңілді
  • қоғамға пайдасын тигізеді
  • белсенді
  • кез келген мәселені шеше алады
  • елімізді көркейтеді
  • денсаулығы мықты.

VIII. Сөзжұмбақ.

Сұрақтары:

  1. Адамның басты байлығы не?
  2. Дені сау адамның көңілі қандай болады?
  3. Біз салауатты өмірдің несін сақтауымыз керек?
  4. Деніміз сау болуы үшін не ішуіміз керек?
  5. Сау денеде салауатты не болады?
  6. Асқар тауда қалың орман,

       Кейде оны шөпей орам.

  1. Жаны саудың несі сау?
  2. IX. Қорытынды.

Оқушыларды үш топқа бөліп “Егер де мен ” ойынын ойнатамыз. Ойын шарты бойынша 1-ші топтағылар мұғалімдер, 2-ші топтағылар  спортшылар, 3-топтағылар дәрігерлер болып, “Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” тақырыбы бойынша өз ойларын жазады.

  1. Үйге тапсырма: “Салауатты өмір сүрейік” тақырыбына эссе жазу.

                 ҚОРЫТЫНДЫ

    Денсаулықтың қай анықтамасы болсын оны адам организмінің бейімделуі, қарсыласуы, күресуі, өз мүмкіндіктерін кеңейтуі деген тұжырымға негізделген. Бірақ денсаулықты организмнің атқаратын қызметтерін ескермей пайымдау мүмкін емес екені де күмәнсіз. Адам – тірі жүйе,оның негізін физикалық пен рухан, табиғи мен әлеуметтік, тұқымқуалай берілген және жүре қалыптасқан бастамалар құрады. Денсаулық тіршілік барысында жастық ерекшеліктеріне, организмнің қоршаған ортамен арақатынасына, әлеуметтік әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Денсаулық организмнің өзгермелі сыртқы және ішкі ортаға бейімделуін, ағза жүйелерінің қызметтік қорларын, генеративтік, танып білу және әлеуметтік қызметтерді сақтап кеңейтуге бағытталады. Мұндай  сау адамға тән қызметтерді іске асыруға көптеген сыртқы және ішкі факторлар, соның ішінде әлеуметтік-мәдени-саяси жүйе, жеке бастың өмір салты, денсаулық потенциалы, бейімділіктері мен қабілеттері, қоршаған орта. Демек, денсаулық әдістемесі адам ағзасын сыртқы ортамен тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарайтын жүйелі тәсілге негізделген кешенді, тұтас, көп өлшемді болуы керек.

          Осы негіздерге сүйене отырып жүргізген  зерттеу жұмыстарымыздың негізгі бағыты денсаулық деңгейінің қаншалықты дәрежеде екеніне көз жеткізу.

          Демек, салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы жылдан-жылға толықтырыла түсетін болса дені сау, жаны сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз артатынана толық сенім білдіреміз.

Үшінші күйді дер кезінде анықтап, ағзаның не оның белгілі бір мүшесімен жүйесінің әлсіреген қызметтік қорларын толықтыру, сол арқылы денсаулық потенциалын арттыру. Бұл мәселе  ағзаның әр жүйесіне тән өзіндік физиологиялық қорларын арттыру немесе компенсаторлық механизмдерді жұмылдыру. Яғни ағза жүйелерінің қорлары, денсаулық қорын түзеді. Денсаулық қоры неғұрлым жоғары болса, соғұрлым денсаулық саны көп, ал ауру қаупі керісінше төмен. Біздің зерттеу жұмысымыздағы адам ағзасындағы физиологиялық қорды бағалау принципі жүрек ырғағын реттеу қызметінің қаншалықты орталықтандырылғанын ескеруге негізделген.

Валеологияда қолданылатын пайымдаушылық әдістемесінде денсаулық ағазаның сыртқы орта әсерлеріне бейімделудің физиологиялық механизміндеріне, оның өзінше ұйымдастыру, даму және сақтана білу қабілеттеріне негізделген. Валеологияда ағза жүйелерінің қорларын, олардың генетикалық, физиологиялық, психологиялық, генеративтік қызметтерін тұрақты деңгейде сақтау және іс жүзінде асыру механизмдерін толтыру қорларын зерттейді.

          Жоғарыдағы зерттеу жұмысымызды қортындысын бағалай келіп төмендегідей оймен түйіндедік – ол, жас ұрпақтың толыққанды денсаулығын қалыптастыру.  Денсаулықты қалыптастыра отырып сақтау, нығайтудың, аурудан сақтанудың бірден – бір жолы – салауатты өмір салты, денсаулық мәнін әр адамның саналы түрде түсініп, сауықтыру процесіне белсене қатысуы. Демек, валеологиялық бейімділігі бар адамды тәрбиелеп қалыптастыру – “Қазақстан - 2030” ұлттық сауықтыру бағдарламасын іске асырудың  басты бір  шарты.

       Салауатты өмір салтын қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.

 Қорыта айтқанда,  бастауыш сыныптағы бала жақсы балалардың бүкіл мүшелерінің қалыптасып дамуындағы ең қарқынды кезең. Дәл осы кезде гигиеналық дағдыларды үйретіп отырып, оның аңыздылығын түсініп, үйреншікті дағдыға айналдыра алсақ, өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыраалсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жеттік деп айтуымызға болады.







































































































































































Просмотров: 573

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры Махатова Бахия Хамитовна

Опрос

Статистика

  • Осы айда33
  • Осы аптада10
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки